Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында Қоғамдық Кеңесінің жоспарлы кезекті отырысы болып өтті. Отырысқа Қоғамдық Кеңес мүшелерімен бірге аудандық мәслихат төрағасы А.Ж.Нугманов, мәслихат депутаттары- Е. Естурлиев, О. Нұрболған, Н. Тлепов, аудан әкімінің орынбасары Б. Б. Әзірханов қатысты.
Қоғамдық кеңеске Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы А.Утесбаева «Ауданның білім саласы бойынша атқарылған жұмыстары туралы» және «Білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» баяндама оқыды.
Баяндамада білім саласы туралы бірқатар мәселелер қозғалды. Бөлім басшысы: «Бүгінде 28 мектепке дейінгі ұйымда 2505 бала тәрбиеленуде. 3-6 жастағы балалар балабақшамен толық қамтылды. Ал 2-6 жас аралығында мектепке дейінгі ұйымдармен қамту – 95,4% құрайды. Кезектегі бала санын жою мақсатында 2022-2025 жылдарға арналған Қадамдық жоспар әзірленді. Жоспар бойынша 2023 жылы 150 орындық 2 балабақша, 2024 жылы 150 орындық 2 балабақша, 2025 жылы 150 орындық 2 балабақша ашылады» деп айтып өтті.
Қоғамдық кеңес жиналысында аудан әкімі білім саласын жан-жақты дамытуға одан әрі жұмыстануды тапсырды.

