Skip to content

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде түсіндірме бейнероликтерін әзірледі.

 ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде көзделген қаржылық тергеу, «integrity check» институты және мемлекеттік қызметшілердің шығыстары мен олардың кірістерімен сәйкестігін тексеру бастамалары бойынша түсіндірме бейнероликтерін әзірледі.

Тұжырымдамада көзделген бастамаларды халыққа кең көлемде түсіндіріп, құқықтық сауаттылықты арттыру маңызды.

Осыған байланысты аталған бейнероликтерді мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелерге қоғамдық орындарда (вокзалдар, аялдамалар, ХҚКО, әкімдіктер, сауда орталықтары, Led экрандар және т.б.) және мекеменің ресми әлеуметтік парақшаларында орналастыруды және оның көрсетілуі туралы ақпаратты  жолдау туралы хат жіберді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *