Skip to content

Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала

2025 жылдың 27 ақпан күні мектеп жасына дейінгі балаларға және олардың ата-аналарының қатысуымен “Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала” тақырыбында қолдан жасалған бұйымдар байқауының аудандық кезеңі өтті.
Байқау мақсаты :балаларды отбасылық құндылыққа, еңбекқорлыққа баулу.
Міндеті: Балалардың физикалық белсенділігін, танымдық, шығармашылық және коммуникативтік дағдыларын дамытуға ықпал ету, ересектерге көмек көрсету ниеттерін қолдау;
Балаларды дербестікке және ересектермен бірге әрекет етуге ынталандыру;
Балаларды табиғатқа қамқорлық жасауға баулу;
“Жас аналар мектебі”, “Әкелер мектебі” жұмыстарын жандандыру.

Байқауға Түпқараған ауданы бойынша 18 мектепке дейінгі ұйымнан сұраныс түсті.
Қазылар алқасының шешімімен “Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала” қолдан жасалған бұйымдар байқауының қатысушылары төмендегідей жүлделі орындарға ие болды:

✅3 жас ортаңғы топтары бойынша:
🥇І ОРЫН -“Айгөлек” бөбекжайы,
🥈ІІ ОРЫН -“Бәйтерек” бөбекжайы,
🥈ІІ ОРЫН -“Айзере” жекеменшік бөбекжай-бақшасы,
🥉ІІІ ОРЫН -“Айгул” бөбекжайы,
🔆“Шебер” номинациясымен “Жауқазын” бөбекжайы,
🔆”Өнегелі отбасы” номинациясымен “Хадия” жекеменшік бөбекжай-бақшасы,
🔆“Мейірімді отбасы” номинациясымен “Ақбөбек” жекеменшік бөбекжай-бақшасы.

✅4 жас ересек топтары бойынша:
🥇І ОРЫН -“Алма” жекеменшік бөбекжай-бақшасы,
🥈ІІ ОРЫН -“Айша” жекеменшік бөбекжай-бақшасы,
🔆”Мейірімді отбасы” номинациясымен – “Ертөстік” бөбекжайы,
🔆“Еңбекқор отбасы” номинациясымен – “Керемет” жекеменшік бөбекжай-бақшасы,
🔆”Шебер отбасы” номинациясымен “Ай-рай” жекеменшік бөбекжай-бақшасы.

✅5 жас мектепалды топтары бойынша:
🥇І ОРЫН -“Алпамыс” бөбекжайы
🥈ІІ ОРЫН -“Құлыншақ” бөбекжайы,
🥈ІІ ОРЫН -“Балбөбек” бөбекжайы,
🥉ІІІ ОРЫН -“Ақбота” бөбекжайы,
🥉ІІІ ОРЫН -“Күншуақ” жекеменшік бөбекжай-бақшасы,
🔆“Мейірімді отбасы” номинациясы бойынша “Айя 2” жекеменшік бөбекжай-бақшасы.

✅Аудандық кезеңнен І орын алған МКҚК “Айгөлек” бөбекжайы, “Алма” жекеменшік бөбекжай-бақшасы, “Алпамыс” бөбекжайы байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды.
Педагогтерге сәттілік тілейміз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *