2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша Қазақстандағы үздік 100 мектептің тізімі жарияланды. Оқу-ағарту министрлігі жүргізген кешенді талдау нәтижесінде Маңғыстау облысынан бес мектеп үздіктер қатарынан көрінді.
Түпқараған ауданының Ақшұқыр мектеп-лицейі үздік деп танылды.
Бағалау барысында білім сапасы, оқушылар жетістігі, мұғалімдердің біліктілігі, инклюзивті орта мен тәрбие жұмысы секілді бірқатар критерийлер ескерілді.

