Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2025 жылдың 18 қыркүйек күні Е.Өмірбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің 9-11-сынып оқушыларының арасында құқықбұзушылықтың, кибербуллинг, буллингтің алдын алу мақсатында жиналыс өткізілді. Аталған жиналысқа Түпқараған ауданы полиция бөлімінің жергілікті басқару полициясы басшысының орынбасары полиция капитаны Ж.Молдабеков, Г.Байкуренова қатысты. Жиналыста оқушыларға білім беру ұйымдарында, далада, кез келген жерде зорлық-зомбылық жағдайына куә болғанда (буллинг, кибербуллинг) дереу мектеп әкімшілігіне, полиция бөліміне хабарлау керектігі түсіндірілді. Мектепте балалардың құқықтарын қорғау мақсатында QR кодтар ілулі тұрғандығы ескертілді. Кешкі 23.00-07.00 аралығында ата-анасының қарауынсыз жүруге, жүргізу куәліктері жок балалар көлік жүргізуге болмайтындығы түсіндірілді.