Кәсіптік бағдар беру аясында Ақшұқыр мектеп-лицейінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Абылдаев Қайырбай оқушыларымен бірге ағаштан жасалған бұйымдардан жәрмеңке ұйымдастырды. Жәрмеңкеден жиналған қаражат мектебіміздің аз қамтылған, көпбалалы және жартылай жетім оқушылардың қажеттіліктеріне пайдалану үшін мектебіміздің әлеуметтік педагогына табысталды. Жәрмеңке оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және қоғамдағы өз рөлдерін түсінуге көмектеседі.






