Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес, 2025 жылдың ақпан айының 18-19 күндері мектептің ас блогындағы жұмыстардың ұйымдастырылуы мен балалардың тамақтану сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында “Балалардың тамақтану сапасын мониторингілеу жөніндегі бракеражды комиссияларды жүзеге асыру тәртібі” тақырыбында аудандық семинар ұйымдастырылды. Семинарға мектептердің әлеуметтік педагогтері мен медициналық қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында тамақтануды сапалы ұйымдастыруды, білім беру ұйымдарында тамақ өнімдерін дайындау және өткізу кезінде №76 санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуын бақылауды, тамақ өнімдерінің сапасын, оны тасымалдау, жеткізу, түсіру, сақтау шарттарын, тамақ өнімдерін дайындау технологиясын және оны орындау мерзімдерінің сақталуын, балалардың негізгі қоректік заттарға физиологиялық қажеттіліктеріне тағамның сәйкестігін, ас блогы қызметкерлерінің жеке бас гигиенасы ережелерін сақтауын бақылау бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді.