2025 жылы 28 қараша күні білім бөлімі жанындағы білім беру ұйымдары директорларының кеңесі өтті. Кеңеске білім беру ұйымдарының директорлары, Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Өнер мектебі мен Оқу-әдістемелік орталығы директорлары, әдіскерлер мен білім бөлімінің мамандары қатысты.
Кеңесте төмендегі күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ақпарат берілді.
- 2025-2026 оқу жылының І тоқсаны бойынша білім беру ұйымдарының ҰБТ дайындығы мәселелері туралы;
- 2025-2026 оқу жылында білім беру ұйымдарының білім сапасын жетілдіру мақсатында Маңғыстау облысының білім басқармасының тарапынан жүргізілген зерделеу жұмыстарының қорытындысы;
- Білім беру ұйымдарындағы дене шынықтыру пәндері мұғалімдері мен нұсқаушыларына жасақталған әдістемелік көмек жұмыстарының қорытындысы;
- Мектептегі ыстық тамақпен қамтуды ұйымдастыру жұмыстары;
- Білім беру ұйымдарына педагогтарды қабылдау және 2025 жылы оқу жылындағы білім беру ұйымдарының педагогтарын аттестаттаудан өткізу қорытындысы;
- Мектептерде құқықбұзушылық, суицид, ерте жүктіліктің алдын алу, қосымша біліммен қамтамасыз ету бағытында ұйымдастырылған шаралар.
Кеңес барысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ұсыныстар талқыланып, алдағы жасалатын жоспарлы жұмыстар бойынша тапсырмалар берілді.









