Skip to content

Білім беру ұйымдарында оқу жылының аяқталуына орай, іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр

Осы орайда, білім беру нысандарында оқушылардың және мектеп бітіруші түлектердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Жылда мектеп бітіруші түлектері мен ата-аналарға соңғы қоңырау шаралары түсіндіріліп, жалдамалы автокөліктермен көшеге, табиғатқа шығуға, мейрамханаға, көңіл көтеретін орындарға баруға рұқсат етілмейтіндігі туралы ескертіліп ақпараттық түсініктер жүргізіліп келеді.
Биылғы оқу жылында ауданда 1402 түлек (9 сынып – 840 түлек, 11 сынып – 562 түлек) бітіреді.
Соңғы оқу күні 23 мамырда барлық білім беру ұйымдарында «Білімім – Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары және қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, мектеп бітіруші түлектерге 45 минуттан аспайтын «Соңғы қоңырау» шарасын ұйымдастыру ұсынылады.
Шараға мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері, пән мұғалімдері, түлектер, түлектердің ата-аналары, «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының құрамы, «Даналық мектебінің» құрамындағы «Әкелер мектебі», «Аналар мектебінің» мүшелері қатысады.
Сонымен қатар қатаң ескертіледі:
– Ақша жинап, мектеп немесе педагогтерге сыйлық жасауға болмайды;
– Шараға ивент-агенттіктерді, аниматорларды жалдауға, шақыруға тыйым салынады, жалпы аниматорлармен шара өткізуге жол берілмейді;
– Мерекелік дастархан жайылмайды;
– Түлектердің автокөліктерді жалға алып, қала ішінде, қоғамдық орындарда жүруге жол берілмейді;
– Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түлектері мен 4 – сынып оқушылары үшін салтанатты шаралар өткізуге жол берілмейді;
– Білім алушылардың табиғат аясына экскурсияға шығуда мектеп әкімшілігінің бұйрығы, ата-аналар келісімі, көліктің жарамдылығы, баратын маршрутты нақтылау (тыйым салған жерлерге рұқсат етілмейді), жауапты маман, дәрігер, инспектормен қамтамасыз ету, жергілікті полиция басқармасына баратын бағыттар бойынша жазбаша ұсыныстар түсіру, талапқа сай ұйымдастыру қатаң ескертіледі.

  • Мейрамхана, дәмхана және көңіл көтеру орындарында отырыс ұйымдастыруға болмайды.
    Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, ата-аналармен, түлектермен түсінік жұмыстарын жүргізуді, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды және іс-шараны тиісті деңгейде ұйымдастыруды сұрайды.
    Сонымен қатар , білім беру ұйымдарында аталған өрескелдіктер орын алған жағдайда заңнамаға сәйкес қатаң шаралар қолданылатындығын қаперіңізге саламыз.
    Бөлім басшысы А.Утесбаева

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *