Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Құқықбұзушылықты болдырмау мақсатында оқу жылының басталғаннан мектептерде іс-шаралар атқарылады.
23 сәуір күні аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектептерде ата-аналар, оқушылармен жиналыстар өткізілді.