Skip to content

Жалпы ақпарат

Қуатова Несібелі Қыдырғалиқызы

Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы

Қуатова Несібелі Қыдырғалиқызы Маңғыстау облысы, Түпқараған аудыны, Таушық селосында дүниеге келген. Жалпы білім беретін Шахта мектебінің түлегі. 1998 жылы Ақтау қаласындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі, 2009 жылы Ақтау қаласындағы «Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік технологиялар және инжиринг университетін, 2024 жылы Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірді.
Еңбек жолын 1998-2003 жылдар аралығында Ақтау қаласы №15 орта мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып бастады. 2004-2005 жж Маңғыстау ауданы, «Шетпе» гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі, 2005-2006 жж Ақтау қаласындағы Қазақстандық қазіргі заман «Болашақ» гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі, 2006-2007 жж Ақтау қаласындағы №56 «Жұлдыз» балабақшасында тәрбиеші, 2007-2009 жж Ақтау қаласындағы №7 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі, 2010-2011 жж облыстық «Көру қабілеті нашар балаларға арналған №1 арнайы түзету мектеп- балабақшасы» мемлекеттік мекемесі директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары, 2011 жылы облыстық «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» тәрбиеші, 2012-2019 жж облыстық «Дарын» қосымша білім орталығына ғылыми жарыстар мен олимпиадаларды ұйымдастырушы, әдіскері, зертхана басшысы, директордың орынбасары қызметтерін атқарды. 2019-2025 жж облыстық «Дарын» қосымша білім орталығының директоры қызметін атқарды.
2012 жылы «Дарын» республикалық ғылыми- практикалық орталығының Алғыс хатымен, 2014 жылы «Дарын» республикалық ғылыми- практикалық орталығының Құрмет грамотасымен, 2015 жылы Маңғыстау облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен, 2017 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен, 2017 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, 2017 жылы облыс әкімінің Алғыс хатымен, 2018 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Олимп шыңына жетелеуші» атағымен, 2018 жылы «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталғының 20 жылдығы төсбелгісімен, 2022 жылы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Қосымша білім беру үздігі» Құрмет дипломымен, 2023 жылы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен, 2023 жылы Ақтау қаласы әкімінің Алғысымен, 2023 жылы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының «Олимпиада қозғалысына адалдығы үшін-2023» атағымен, 2024 жылы Маңғыстау облысының білім басқармасының Құрмет грамотасымен, 2025 жылы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің орта білім беру комитетінің Алғыс хатымен марапатталды.