22 қаңтар күні Форт-Шевченко мектеп-лицейінде Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы мектеп директорларының кеңесі өтті. Кеңестің күн тәртібінде төмендегі мәселелер бойынша баяндама жасалды.
- 2024-2025 оқу жылындағы оқушылардың пәндік олимпиадаларының қорытындысы; 2022-2024 жылдары бойынша оқушылардың пәндік олимпиадаларының (аудандық, облыстық, республикалық) қорытындысына жүргізілген талдау
- ”Нысаналы мектеп” жобасы аясында жасалған жұмыстар
- Білім беру ұйымдарының ресми сайттарының жүргізілуі
- Білім беру ұйымдарындағы оқушылардың тегін ыстық тамақпен қамтылуына жүргізілген мониторинг қорытындысы
- Ақшұқыр мектеп-лицейі, Ақшұқыр мектеп-гимназиясы, М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясы оқушыларының білім сапасын жүйелі түрде бағалауы және мониторинг жұмыстарының жүргізілуі
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша хаттама жасақталып, тапсырмалар берілді.











