Skip to content

Консультациялық пункт 2023-2024 оқу жылы

Түпқараған ауданы бойынша 28 мектепке дейінгі ұйым  жұмыс жасап тұр. Оның ішінде 11 мемлекеттік ұйым, жекеменшік ұйым саны -17.

Ауданның әрбір  елді мекенінде 11 мемлекеттік  мектепке дейінгі  ұйымдарда мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылмаған балалардың  ата-аналарына  консультациялық пункттер  ұйымдастырылды.

Мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың толық дамуын, олардың құрбылары мен ересектер ұжымында  әлеуметтенуін қамтамасыз ету, мектептегі оқытуға даярлық негіздерін формалау,  тәрбиелеу мен оқытуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға жүйелі психологиялық-педагогикалық көмек және ата-аналарға консультациялық-әдістемелік қолдау көрсету.

Консультациялық пункттер санатты тәрбиешілер ,тәжірибелі педагог-психолог, логопед, дефектолог мамандарынан құрылған.Жұмыс жоспары және жасалған жұмыстар ақпараттары МДҰ-дың веб-сайттарында  және әлеуметтік парақша беттерінде орналасқан.

2023-2024  оқу жылы басталғалы  6 ата-анаға педагогикалық-психологиялық қолдау көрсетіліп ,кеңестер берілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *