Бүгін Ақшұқыр мектеп-лицейіне ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев пен Маңғыстау облысы Білім басқармасының басшысы Амантай Кумбаев жұмыс сапарымен келді. Құрметті қонақтар мектептің оқу үдерісімен, материалдық-техникалық базасымен және білім беру сапасын арттыру бағытында жүзеге асырылып жатқан жұмыстармен танысты.
Сапар барысында мұғалімдермен ашық кездесу өткізіліп, білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелер мен соңғы өзгерістер талқыланды. Қаныбек Жұмашев пен Амантай Кумбаев педагогтердің сұрақтарына жауап беріп, оқу-тәрбие процесіндегі оң өзгерістер мен алдағы жоспарлар туралы кеңінен ақпарат берді. Кездесу мұғалімдер үшін маңызды пікір алмасу алаңы болып, олардың кәсіби дамуына оң ықпал етті.











