Skip to content

Мектеп директорларының кеңесі

2025 жылы 21 сәуір күні Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес, Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясында білім бөлімінің жанындағы мектеп директорларының кеңесі өтті. Кеңестің күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды.

  1. Білім алушылардың ББЖМ білім деңгейлері (тоқсандық пәндік тесттердің қорытындысы бойынша сараптамалық есеп) 2. ҰБТ бойынша қаңтар, наурыз айларының қорытындысы 3. Білім беру ұйымдарындағы құқықбұзушылық, суицид, зорлық-зомбылық мәселелерінің алдын алу туралы
  2. Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің білім беру ұйымдарының білім сапасына жүргізген талдау жұмыстары
  3. Жалпы білім беретін Шахта мектебі оқушыларының білім сапасын жүйелі түрде бағалауы және мониторинг жұмыстарының жүргізілуі
  4. «Педагогтарды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Заңына енгізілген өзгерістер және «Ұстаз» платформасы бойынша жұмыстар
    Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша хаттама жасақталып, мектеп директорларына білім сапасын көтеру бағытындағы маңызды тапсырмалар берілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *