Skip to content

Мектептерге тамақтану сапасына мониторинг жұмыстары

Түпқараған ауданы бойынша білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу жөнінде ведомствоаралық сараптама тобы ағымдағы жылдың қараша айының 13-14 күндері мектептерге тамақтану сапасына мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Мониторинг жүргізу барысында мектептердегі ауыз су режимі, ас мәзіріндегі тағамдардың болуы, тамақ порцияларының технологиялық картаға сәйкестігі, асхана залының тазалығы қаралды. Мектеп асханаларына жүргізілген мониторинг барысында анықталған кемшіліктер мектеп басшыларына, әлеуметтік педагогтерге, сонымен қатар мектеп асханасын жалға алып отырған кəсіпкерге ескертілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *