Skip to content

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырудың мәселелері туралы

Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес, 2025 жылы 20 наурыз күні «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырудың мәселелері туралы» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинарға білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік қызмет көрсететін мамандары мен мектеп директорының орынбасарлары қатысты. Семинар барасында мемлекеттік қызметтерді көрсетуде нормативтік-құқықтық актілердің талаптары мен Білім беру ұйымдары тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қағидасы толық түсіндірілді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтің сапалы көрсетілуін және мерзім бұзушылыққа жол бермеудің алдын алу жолдары талқыланды. Білім беру ұйымдары тарапынан ұсыныстар ескеріліп, жоспарға енгізуге қаперге алынды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *