Skip to content

Түпқарағанның мақтанышы – “Үздік педагог – 2025”!

«Үздік педагог» Республикалық конкурсы 2012 жылдан бері өткізіліп келе жатқан дәстүрлі байқау. Бұл байқау – ұстаздар қызметінің тиімділігі мен кәсіби шеберлігін айқындайтын, білім беру саласындағы үздіктерді тануға бағытталған маңызды іс-шара.

2025–2026 оқу жылында аталған республикалық байқауда Түпқараған ауданы бойынша Ақшұқыр мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жаңабергенова Мейрамгүл Сакидуллақызы жеңіске жетіп, *«Үздік педагог» атағына ие болды.

Үздік ұстазымыз Мейрамгүл Сакидуллақызы — Ақшұқыр мектеп-лицейінен шыққан бесінші «Үздік педагог». Бұл — оқу ордасының сапалы білім мен үздік тәрбие берудегі тұрақты табысының тағы бір дәлелі.

Марапат Астана қаласында, салтанатты рәсімде ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың қолынан табысталды. Жеңімпаз ұстазға арнайы «Үздік педагог» төсбелгісі мен куәлігі беріліп, 1000 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде ақшалай сыйақы тағайындалды.

Ақшұқыр мектебінің педагогикалық ұжымын және Мейрамгүл Сакидуллақызын шын жүректен құттықтаймыз! Еңбегіңіз жана берсін, шығармашылық табыс пен биік белестер тілейміз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *