Skip to content

Жиналыс

Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2025 жылдың 19 қыркүйек күні З.Баймырзаев атындағы жалпы білім беретін мектептің 9-11-сынып оқушыларының арасында құқықбұзушылықтың, кибербуллинг, буллингтің алдын алу мақсатында жиналыс өткізілді. Аталған жиналысқа Түпқараған аудандық полиция бөлімінің инспекторы Г.Байкуренова, учаскелік полиция инспекторы көмекшісі полиция кіші лейтенанты Б.Баянғалиев қатысты. Жиналыста оқушыларға білім беру ұйымдарында, далада, кез келген жерде зорлық-зомбылық жағдайына куә болғанда (буллинг, кибербуллинг) дереу мектеп әкімшілігіне, полиция бөліміне хабарлау керектігі түсіндірілді. Мектепте балалардың құқықтарын қорғау мақсатында QR кодтар ілулі тұрғандығы ескертілді. Кешкі 23.00-07.00 аралығында ата-анасының қарауынсыз жүруге, жүргізу куәліктері жок балалар көлік жүргізуге болмайтындығы түсіндірілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *