| Маңғыстау облысының білім басқармасының «Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі» ММ-і Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» (одан әрі – бұйрық) бұйрығына сәйкес, балаларға қосымша білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін 57 орынға конкурс жариялайды. Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша қосымша білім берудің бағдарламалары | ||||||||
| Ғылыми-техникалық бағыт | Бала саны | |||||||
| 1 | 3D модельдеу, компьютерлік графика, жобалау, Бағдарламалау, Компьютерлік дизайн, көрсету – физикалық модель проекциясын құру | 5 | ||||||
| Барлығы | 5 | |||||||
| Туризм және өлкетану бағыты | ||||||||
| 2 | Экологиялық туризм, этнографиялық туризм, Ауылдық туризм, ғылыми туризм, өлкетану, географиялық өлкетану, тарихи өлкетану, экологиялық өлкетану | 15 | ||||||
| Барлығы | 15 | |||||||
| Экологиялық-биологиялық бағыт | ||||||||
| 1 | Өсімдік шаруашылығы, бау-бақша, гүл өсіру, көкөніс шаруашылығы | 5 | ||||||
| 2 | Мал шаруашылығы, қоян шаруашылығы | 5 | ||||||
| Барлығы | 10 | |||||||
| Көркемдік-эстетикалық бағыт | ||||||||
| 1 | Керамика, қыш ісі, мүсіндеу, мүсін, керамикалық мүсін, қыш өнері | 7 | ||||||
| 2 | Кілем тоқу | |||||||
| 3 | Киімді көркемдік модельдеу, Киім дизайны | |||||||
| Барлығы | 7 | |||||||
| Әлеуметтік-педагогикалық бағыт | ||||||||
| 1 | Журналистика, медиа орталықтар | 0 | ||||||
| 2 | Кәсіпкерлік негіздері | 0 | ||||||
| 3 | Пікірсайыс қозғалысы, шешендік өнер | 0 | ||||||
| Барлығы | 0 | |||||||
| Гуманитарлық бағыт (тіл курстары) | ||||||||
| 1 | Тілдер курсы | 10 | ||||||
| Барлығы | 10 | |||||||
| Жаратылыстану-математикалық бағыт (математикалық курстар). | ||||||||
| 1 | Математикалық курстар | 10 | ||||||
| Барлығы | 10 | |||||||
Айына бір білім алушыға немесе тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны 17 123 теңге.
Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға үміткер ұйымдар келесі құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) заңды тұлға құрмай, қосымша білім беретін білім беру бағдарламаларын іске асыратын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, Ұйым жарғысының (ережесінің, құрылтай шартының) көшірмесі;
3) Ұйым пайдаланатын жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі немесе ғимаратты жалдау шартының көшірмесі;
4) балаларға арналған қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларының көшірмелері;
5) педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын, белгіленген үлгідегі білім туралы педагогтер құжаттарының көшірмелері;
6) педагогтердің біліктілік деңгейі туралы құжаттардың көшірмелері бар штат кестесінің көшірмесі;
7) Ұйымның жұмыс өтілін растайтын құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда) (жарғыға сәйкес, құрылтай құжаттарымен, шарттармен) немесе Ұйымның жұмыс тәжірибесінің жоқтығы туралы хат;
8) Ұйым басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған бейнебақылау камераларын орналастыру схемасы;
9) Ұйым басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған және өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органмен келісілген Өрт кезіндегі эвакуациялау жоспарының схемасы.
10 Нұсқаулыққа сәйкес терроризмге қарсы қорғау талаптары.
Көрсетілген құжаттарды қабылдауды білім беру саласындағы уәкілетті органдар конкурстық рәсімдерді өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. (23-27.06.2025 ж.ж. аралығы)
Құжаттарды қабылдау «Zerek.edus.kz» платформасы арқылы электрондық форматта қабылданады
Электронды форматта жіберілген құжаттарға ұйым басшының қолы қойылған және мөрмен расталған болуы қажет.

